Пайдалану бойынша нұсқаулар

Өлшеу диапазонына тиетін әсерлер

Өлшеу диапазоны жарық жағдайы мен мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты. Сыртта жұмыс істеу кезінде және қатты күн жарығында лазер сәулесінің көрерлігін жақсарту үшін лазер көру көзілдірігін (18) (керек-жарақ) және лазер нысандық тақтасын (17) (керек-жарақ) пайдаланыңыз немесе мақсатты жазықтықты өшіріңіз.

Өлшеу нәтижесіне тиетін әсерлер

Физикалық әсерлерге байланысты әртүрлі беттерде өлшеу кезінде қаты өлшеу нәтижелері пайда болуы мүмкін. Бұларға төмендегілер жатады:

  • мөлдір беттер (мысалы, әйнек, су),
  • шағылысатын беттер (мысалы, жылтыраған металл, әйнек),
  • борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулағыш материалдар),
  • құрылымдалған беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас).

Мұндай беттерде лазер нысандық тақтасын (17) (керек-жарақ) қажетінше пайдаланыңыз.

Қате өлшеу нәтижелері қисық көзделген мақсатты жазықтықтарда да пайда болуы мүмкін.

Температурасы әртүрлі болатын ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу мәніне теріс әсер етуі мүмкін.

Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)

Штативті әсіресе үлкен қашықтықтарды өлшеу кезінде пайдалану керек.

  1. Өлшеу құралын 1/4 дюймдік ирек оймасымен (13) штативтің (19) немесе стандартты фото штативтің жылдам алмастыру тақтасына орнатыңыз.
  1. Өлшеу құралын жылдам алмастыру тақтасының бекіткіш бұрандасымен бұрап бекітіңіз.
  1. Штативпен өлшеу үшін негізгі жазықтықты реттеп шығыңыз қараңыз Негізгі жазықтықты таңдау.