Негізгі жазықтықты таңдау
Өлшеу үшін (4) түймесі арқылы үш түрлі негізгі жазықтықты таңдауға болады:

өлшеу құралының артқы жиегін (мысалы, қабырғаға орналастырғанда)

өлшеу құралының алдыңғы жиегін (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде)

штатив ирек оймасының (13) ортасын (мысалы, штативпен өлшегенде)
- Негізгі жазықтықты таңдау үшін (4) түймесін
басыңыз.
- Қалаулы негізгі жазықтықты (3)
түймесі немесе (8)
түймесі немесе (4)
түймесі арқылы таңдаңыз.
- Таңдауды растау үшін (7) түймесін
басыңыз.
Өлшеу құралы әр қосылғаннан кейін, өлшеу құралының артқы жиегі негізгі жазықтық ретінде алдын ала реттеледі.