Техникалық қызмет көрсету және тазалау
- Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
- Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
- Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.
- Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Шаң жинағышты тазалау (B1–B3 суреттерін қараңыз)
Шаңсорғыш жақсы жұмыс істеуі үшін, шаң жинағышты (8) әр қолданыстан кейін тазалаңыз.
- Шаңсорғышты ашқан кезде, шаң шашылып кетпеуі үшін, шаңсорғышты сәл төмен қаратып ұстаңыз.
- Босату түймесін (1) басып, шаң жинағышты (8) қозғалтқыш корпусынан (7) шығарып алыңыз.
- Қозғалтқыш корпусындағы (7) ойықты (11) ұстап алыңыз да, қозғалтқыш корпусының сүзгі тығыздауышындағы (12) сүзу блогын (13) тартып шығарыңыз.
- Шаң жинағышты (8) жарамды қоқыс контейнерінің үстінен қағыңыз.
- Қажет болса, шаң жинағышты дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Қажет болса, сүзу блогын тазалаңыз. - Сүзу блогын (13) сүзгі тығыздауышымен (12) қайтадан қозғалтқыш корпусына (7) салып қойыңыз.
- Содан кейін шаң жинағышты қозғалтқыш корпусына астынан іліп, шаң жинағыштың азғантай қысыммен шерту дыбысымен тірелуіне мүмкіндік беріңіз.
Сүзу блогын тазалау (C суретін қараңыз)
Сүзу блогын (13) ылғалды әдіспен тазалауға болмайды.
- Шаңсорғышты ашқан кезде, шаң шашылып кетпеуі үшін, шаңсорғышты сәл төмен қаратып ұстаңыз.
- Босату түймесін (1) басып, шаң жинағышты (8) қозғалтқыш корпусынан (7) шығарып алыңыз.
- Қозғалтқыш корпусындағы (7) ойықты (11) ұстап алыңыз да, қозғалтқыш корпусының сүзгі тығыздауышындағы (12) сүзу блогын (13) тартып шығарыңыз.
- Қатпарлы сүзгінің пластиналарын жұмсақ қылшақпен тазалап шығыңыз.
- Құрастыру әрекеті кері реттілік бойынша орындалады.
Ақаулықтар
Сору қуаты жеткіліксіз болса, төмендегіні тексеріп шығыңыз:
- Шаң жинағыш (8) толып кеткен бе?
▷ Шаң жинағышты босатыңыз. - Қатпарлы сүзгіде қоқыс жиналып қалған ба?
▷ Сүзу блогын (13) тазалаңыз. - Аккумулятор (5) қуаты тым төмен бе?
▷ Аккумуляторды зарядтаңыз.
Шаң жинағышты (8) жүйелі түрде босату және сүзу блогын (13) жүйелі түрде тазалау әрекеттері оңтайлы сору қуатын қамтамасыз етеді.
Құрылғы бұдан кейін сору қуатына жетпесе, Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.