Дәлдікті тексеру

Еңісті өлшеу дәлдігін және қашықтықты өлшеу функциясын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

Дәлдікті тексеру және еңісті өлшеу функциясын калибрлеу

  1. Ол үшін өлшеу құралын үстелге қойып, еңісті өлшеңіз.
  1. Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, еңісті қайтадан өлшеңіз.
  • Көрсетілген санның айырмашылығы ең көбі 0,3° құрауы тиіс.

Үлкен ауытқулар пайда болған жағдайда, өлшеу құралын қайтадан калибрлеу қажет.

  1. Негізгі функциялар мәзіріне кіру үшін (7) түймесін  басып тұрыңыз.
  1.  опциясын таңдап, таңдауды (7) түймесі  арқылы растаңыз.
  1. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Температураның шұғыл өзгеруінен немесе соққы жасалғаннан кейін, дәлдік тексерісін және, қажет болса, өлшеу құралын калибрлеу әрекетін орындаған жөн. Температураның өзгеруінен кейін, калибрлемес бұрын өлшеу құралынның температурасын біраз уақыт ретке келтіру керек.

Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру

Дәлдікті тексеру үшін өлшеу жұмысын қолайлы жағдайларда өткізу керек, яғни өлшеу қашықтығы бөлме ішінде орналасып, өлшенудің мақсатты жазықтығы тегіс болуы және жақсы шағылысуы керек.

  1. Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, шамамен 3–10 м өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік саңылауы).
  1. Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
  • Бөлек өлшемдердің орташа шамадан ауытқуы бүкіл өлшеу қашықтығында ең көбі ±4 мм болуы керек. Дәлдікті кейінірек туралау мүмкін болуы үшін, өлшеу мәндерін жазып алыңыз.