Мәндерді қосу/алу

Өлшеу мәндерін немесе соңғы нәтижелерді төмендегі өлшеу функцияларында қосуға немесе алуға болады:

  • Ұзындықты өлшеу
  • Ауданды өлшеу
  • Көлемді өлшеу

Ұзындықты өлшеу кезінде мәндер қосу

  1. Бірінші өлшеу әрекетін орындаңыз.
  1. (3) түймесін басыңыз.
  1. Екінші өлшеу әрекетін орындаңыз.
  • Екінші өлшеу аяқталғаннан кейін, ақырғы нәтиже дисплейдің астыңғы жағында көрсетіледі.

Аудан мен көлемді өлшеу кезінде мәндер қосу

  1. Бірінші өлшеу әрекетін орындаңыз.
  1. (3) түймесін басыңыз.
  1. Екінші өлшеу әрекетін орындаңыз.
  • Екінші өлшеу орындалғаннан кейін, екінші өлшеудің нәтижесі дисплейдің астыңғы жағында көрсетіледі.
  1. Ақырғы нәтижені көрсету үшін (2) түймесін басыңыз.

Мәндерді алу

  1. Мәндерді алу үшін (8) түймесін басыңыз. Кейінгі әрекеттер "Мәндер қосу" процедурасымен бірдей болады.