Пайдалануға ендіру

Қосу/өшіру

Электр құралын қолданысқа енгізу үшін ажыратқышты (1) басыңыз.

GEX 12V-77: басылған ажыратқышты (1) бекіту үшін бекіткішті (8) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса (GEX 12V-77 құралы үшін), ажыратқышты (1) қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз.

Жарық диодты индикаторлар

Келесі кестеде ықтимал жарық диодтары (4) сипатталған.

Түсі

Деңгейі

Мағынасы/себебі

Шешімі

Ақ

Үздіксіз жарық
(1 x ... 5 x)

Айналу жиілігін алдын ала таңдау

қараңыз Айналу жиілігін алдын ала таңдау

Жасыл

Үздіксіз жарық
(2 x ... 5 x)

Аккумулятор зарядталған

қараңыз Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Сары

Үздіксіз жарық
(1 x)

Аккумулятор заряды таусылған дерлік қараңыз Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

Жыпылықтағыш жарық
(5 x)

Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор)

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту

Қызыл

Үздіксіз жарық
(1 x)

Аккумулятор заряды таусылған қараңыз Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау

Жыпылықтағыш жарық
(5 x)

Электр құралы қызып кетті және өшіп қалады

Электр құралын суытып, қайта қосу

Электр құралы бітелген және өшіп қалады

Кептелісті жойып, электр құралын қайта қосу

Шпиндель бекіткіші іске қосулы және электр құралы өшіп қалады

Шпиндель бекіткішін ажыратып, электр құралын қайта қосу