Айналу жиілігін алдын ала таңдау

Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған екі түйме арқылы (3) жұмыс барысында қажетті айналу жиілігін таңдауға болады. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс істеу жағдайларына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Жарық диодтары

[мин-1]

Үздіксіз жарық 1 x ақ

3000

Үздіксіз жарық 2 x ақ

4250

Үздіксіз жарық 3 x ақ

5500

Үздіксіз жарық 4 x ақ

6750

Үздіксіз жарық 5 x ақ

8000

Төмен айналу жиілігімен ұзақ жұмыс істегеннен кейін электр құралын салқындату үшін шамамен 3 минутқа ең жоғары айналу жиілігінде бос жүріс күйінде жұмыс істету керек.