Пайдалану нұсқаулары
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз.
- Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес.
Жылтырату
Жел қаққан лакты жылтырату немесе қырылған жерлерді (мысалы, акрилді шыны) қосымша жылтырату үшін электр құралын қой терісінен жасалған жылтыратқыш, жылтыратқыш тері немесе ысқыш (керек-жарақтар) сияқты тиісті жылтыратқыш құралдармен жабдықтауға болады.
Жылтырату кезінде бетті шамадан тыс қыздырмау үшін төмен айналу жылдамдығын таңдаңыз.
Политураны сәл кішірек жылтыратылатын бетке жағыңыз. Жылтыратқыш затты жарамды жылтыратқыш құралмен айқыш-ұйқыш немесе айналма қозғалыстар арқылы және қатты күш қолданып өңдеңіз.
Жылтыратқыш заттың үстіңгі бетте қатып қалуына жол бермеңіз, әйтпесе үстіңгі бет зақымдалуы мүмкін. Жылтырату аймағын тікелей күн сәулелерінің астында қалдырмаңыз.
Жақсы жылтырату нәтижелерін қамтамасыз ету үшін жылтыратқыш құралдарды жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Жылтыратқыш құралдарды жұмсақ жуғыш затпен және жылы сумен тазалаңыз, сұйылтқыштарды пайдаланбаңыз.