Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
- Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін ажыратқышты (3) басыңыз.
Басылған ажыратқышты (3) бекіту үшін бекіткішті (2) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз. Ажыратқыш (3) бұғатталған болса, оны алдымен қысқа уақытқа басып, сонан соң жіберіңіз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (1) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да алдын ала таңдауға болады. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс істеу жағдайларына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Айналмалы реттегіш күйі | Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі (мин-1) |
|---|---|
1 | 2500 |
2 | 3000 |
3 | 3500 |
4 | 4000 |
5 | 4500 |
6 | 5000 |