Тіреуіш пластинаны алмастыру (B суретін қараңыз)

Нұсқау: зақымдалған тіреуіш пластинаны (4) бірден алмастырыңыз.

Ысқышты/қой терісінен жасалған жылтыратқыш дөңгелекті тартып шығарыңыз. 4 бұранданы (9) толықтай бұрап шығарып (T20 бұрауышының көмегімен), тіреуіш пластинаны (4) алып тастаңыз. Жаңа тіреуіш пластинаны (4) орнатып, бұрандаларды қайтадан тартып қойыңыз.

Нұсқау: тіреуіш пластинаны орнату кезінде ұстағыштың тістері жылтыратқыш тіреуіш пластинаның саңылауларына кіргеніне көз жеткізіңіз.

Нұсқау: зақымдалған тіреуіш пластина ұстағышын (8) тек Bosch электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығында алмастыру керек.