Құралды ауыстыру

GDR 12V-110:

Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты тірелгенше құрал бекіткішіне (1) жылжытыңыз да, бекіту төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.

Бұрауыш биттерді (15) шар тәрізді ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (14) арқылы енгізуге болады.

  • Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.

GDS 12V-115:

Алмалы-салмалы аспапты (16) құрал бекіткішінің (1) квадратына салыңыз.

Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап (16) құрал бекіткішінде (1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/қауіпсіздігіне әсер етпейді.

Бекіту төлкесін (2) алдынға жылжытып алмалы-салмалы аспапты шешіңіз.