Шаңды және жоңқаларды сору
Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз. Сәйкес сорғыш құрылғы денсаулыққа қауіпті шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Мүмкіндік болса, осы материал үшін жарамды шаңсорғышты пайдаланыңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сорғышқа қойылатын талаптар | ||
|---|---|---|
Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі | мм | 28 |
Қажетті төменгі қысымA) | мбар | ≥ 140 |
Қажетті ағын мөлшеріA) | л/с | ≥ 23 |
Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті | M шаң класыB) | |
- A)
Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні
- B)
IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша
Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
- Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
- Алюминийді аралау кезінде өрт қаупіне жол бермеу үшін астыңғы ара дискісінің қақпағын босатыңыз және жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Төменгі ара дискісінің қаптамасын тазалау (j суретін қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығарып алу үшін төменгі ара дискісінің қаптамасын (44) ашуға болады.
- Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
- Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
- Едендік торды (31) ашыңыз (a суретін қараңыз).
- Төменгі ара дискісі қаптамасының ысырмаларын (45) бір-бірінен сәл ары тартып, төменгі ара дискісінің қаптамасын (44) қайырыңыз.
- Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарып алыңыз.
- Төменгі ара дискісінің қаптамасын (44) ысырмалар (45) тірелгенше қайтадан жауып қойыңыз.
- Едендік торды (31) жауып қойыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Сыртқы сорғыш (k суретін қараңыз)
- Жарамды шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (29) салыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.