Қолданысқа енгізу
- Дәнекерлеу қарындашы мен дәнекерлеу станциясының арасындағы кабель ширатылмағанына және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Кабелі зақымдалған дәнекерлеуішті әрі қарай пайдаланбаңыз.
Дәнекерлеу станциясының қақпағын (5) ашыңыз. Қақпақты 3 түрлі ашу бұрышында бекітуге болады.
Дәнекерлеуішті қосу үшін ажыратқышты (8) басыңыз. Күй индикаторы (12) жанады.
Температура реттегіштің (8) көмегімен дәнекерлеуіш температурасын 250°C және 450°C арасында біртіндеп реттеуге болады. Температура реттегішті (8) оның үстіндегі жазбаға сәйкес көрсеткі белгісімен қалаулы температураға бұрап орнатыңыз.
Дәнекерлеуішті өшіру үшін ажыратқышты (8) қайтадан басыңыз. Күй индикаторы (12) қызыл түспен жыпылықтайды.
Дәнекерлеу қарындашын (4) дәнекерлеу станциясының қақпағындағы қарындаш бекіткішіне (6) тірелгенше кіргізіңіз. Дәнекерлеу станциясындағы (9) қақпақты (5) жабыңыз.
Аккумулятор мен дәнекерлеу қарындашын үнемді пайдалану үшін, дәнекерлеуіш ажыратқышты/температура реттегішті (8) соңғы рет басқаннан немесе бұрағаннан кейін 15 минут өткенде автоматты түрде Standby Modus режиміне ауысады. Бұл ретте дәнекерлеуіш ұшының температурасы 250°C-қа түсіп, күй индикаторы (12) сары түспен жыпылықтайды.
Дәнекерлеуішті іске қосу үшін ажыратқышты/температура реттегішті (8) басыңыз немесе бұраңыз. Standby Modus режимі аяқталып, дәнекерлеуіш орнатылған температураға дейін қыздырылады (күй индикаторы (12) жасыл түспен жыпылықтайды).
Дәнекерлеуіш іске қосылмаса, ол Standby Modus режимінде 45 минут тұрғаннан кейін автоматты түрде өшіп қалады.
Нұсқау: дәнекерлеуішті Standby Modus режимінде өшіру керек болса, ажыратқышты (8) алдымен іске қосу үшін басып, содан кейін өшіру үшін қайта басыңыз.
Күй индикаторы (12) дәнекерлеуіш ұшының температурасын көрсетеді:
Күй индикаторы | Мағынасы |
|---|---|
Жасыл түспен жыпылықтайды | Дәнекерлеуіш ұшы орнатылған температураға дейін қыздырылуда/суытылуда. |
Жасыл түспен жанып тұр | Орнатылған температураға жетті. |
Сары түспен жыпылықтайды | Standby Modus режимі (температура 250°C-қа түсті) |
қызыл түспен жыпылықтайды | Дәнекерлеуіш ұшы өшкеннен кейін суытылуда. |
Нұсқау: аккумулятор құрылғыны өшіргеннен кейін бірден шығарылса, күй индикаторы (12) сөніп, бұдан былай ыстық дәнекерлеуіш ұшы туралы хабарламайды. Дәнекерлеуіш ұшына кенет тиюдің алдын алу үшін дәнекерлеу қарындашын (4) дәнекерлеу станциясының қақпағындағы қарындаш бекіткішіне (6) енгізіңіз.