Дәнекерлеуіш ұшын алмастыру (A суретін қараңыз)
Белгілі бір жұмысқа жарамды дәнекерлеуіш ұшын пайдаланыңыз. Тек Bosch дәнекерлеуіш ұштарын пайдаланыңыз.
Дәнекерлеуіш ұшын алмастыру үшін бекіткіш гайканы (3) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Дәнекерлеуіш ұшының бекіткіш гайкасы мен гильзасын (2) алып тастаңыз.
Дәнекерлеуіш ұшын (1) алып тастаңыз да, жаңа дәнекерлеуіш ұшын (1) орнатыңыз.
Гильзаны (2) және бекіткіш гайканы (3) қайта орнатыңыз. Бекіткіш гайканы сағат тілінің бағытымен қолмен бұрап қатайтыңыз.
Ең көбі 2 пайдаланылмайтын, суытылған дәнекерлеуіш ұшын (1) дәнекерлеу станциясының қақпағындағы сақтау орнында (7) сақтауға болады.