Қолданысқа енгізу
Қорғаныш қалпақшаны (12) шешу үшін оның бекіткішін (11) тартып, саусақ қорғанысынан (10) шығарып алыңыз.
Қорғаныш қалпақшаны (12) тасымалдау немесе сақтау үшін кигізбес бұрын дәнекерлеуішті мүмкіндігінше суытыңыз.
Кигізу үшін қорғаныш қалпақшаны (12) астыңғы жағынан саусақ қорғанысына (10) іліп, жоғарғы жағын саусақ қорғанысына қайта бекітіңіз.
Дәнекерлеуішті қосу үшін ажыратқышты (6) басып, оны қалаулы температураға сәйкес алға жылжытыңыз:
- 1-ші температура деңгейі: ұш температурасы 350 °C
- 2-ші температура деңгейі: ұш температурасы 420 °C
Жұмыс шамы (4) дәнекерлеуіште автоматты түрде қосылады және тікелей жұмыс аймағындағы көрерлік жағдайларын жақсартады.
- Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін.
Дәнекерлеуішті өшіру үшін ажыратқышты (6) 0 күйіне жылжытыңыз.
Дәнекерлеуішті қойма аймағына (9) қойып, суығанша күтіңіз.
Күй индикаторының (5) 3 жарық диоды, дәнекерлеуіш қосылғаннан кейін, 5 секунд ішінде аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді.
Содан кейін күй индикаторының (5) ортаңғы жарық диоды дәнекерлеуіш ұшының температурасы туралы хабарлайды:
Ортаңғы жарық диоды | Мағынасы |
|---|---|
жасыл түспен жыпылықтайды | Дәнекерлеуіш ұшы орнатылған температура деңгейіне дейін қыздырылуда/суытылуда. |
жасыл түспен жанып тұр | Орнатылған температура деңгейіне жетті. |
қызыл түспен жыпылықтайды | Дәнекерлеуіш ұшы өшкеннен кейін суытылуда. |
Дәнекерлеуішті, оның ұшы суығаннан кейін және күй индикаторы (5) сөнгеннен кейін ғана тасымалдаңыз немесе сақтауға қойыңыз.
Нұсқау: аккумулятор құрылғыны өшіргеннен кейін бірден шығарылса, күй индикаторы (5) сөніп, бұдан былай ыстық дәнекерлеуіш ұшы туралы хабарламайды. Дәнекерлеуішті тасымалдау немесе сақтауға қою алдында оның суып қалғанына ерекше назар аударыңыз.