Қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Дәнекерлеу кезінде қорғаныш көзілдірік пен қорғаныш киім киіп жүріңіз. Сұйық дәнекер және дәнекердің шашырандысы теріні күйдіруі немесе көзге жарақат тигізуі мүмкін.

Дәнекерлеуші ұшы жұмыс кезінде қатты қызып кетеді. Теріге тиген жағдайда, тері күйіп қалуы мүмкін. Дәнекерлеуші ұшын ұстамас бұрын ол суығанша күтіңіз.

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.