Ажарлағыш құралдарды айыр тәрізді кілтпен және шпиндель бекіткішінің көмегімен монтаждау (A суретін қараңыз)
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Тек жарамды және зақымдалмаған айыр тәрізді кілтті пайдаланыңыз ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз).
- Ажарлау шпинделін (3) және монтаждалатын барлық бөлшектерді тазалаңыз.
- Шпиндель бекіткішін (14) басып, қысқыш гайканы (2) бұғатталғанша қолмен бұраңыз.
- Шпиндель бекіткішін басып тұрып, қысқыш гайканы (2) айыр тәрізді кілтпен (11) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз.
- Ажарлау құралының сағағын цангалы қысқышқа (1) тірелгенше енгізіңіз.
- Шпиндель бекіткішін (14) басып, алмалы-салмалы аспапты кілт жазықтығынан айыр тәрізді кілтпен (11) сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы қысыңыз.
Ажарлау құралдары кедергісіз айналуы керек. Домалақ емес ажарлау құралдарын пайдаланбай, оларды алмастырыңыз.
- Ажарлау құралы орнатылған болмаса, қысқышты қыспа гайкамен тартпаңыз. Әйтпесе қысқыш зақымдануы мүмкін.
- Білік диаметрі сәйкес келетін ажарлау штифтерін ғана пайдаланыңыз. Ажарлау штифтінің диаметрі электр құралының бекіткішіне сәйкес болмаса ("Техникалық мәліметтер" бөлімін қараңыз), ажарлау штифті дұрыс ұсталмай қысқышты зақымдайды.
- Алмалы-салмалы құрал түзеткіштің максималды ұзындығының кемінде 50 %-ына дейін қысылуы керек. Шығыңқы біліктің L0 өлшемімен алмалы-салмалы құрал өндірушісінің деректері бойынша алмалы-салмалы құралдың рұқсат етілген максималды айналу жиілігін есептеуге болады. Ол электр құралының максималды аналымдар санынан төмен жатуы мүмкін емес.