Пайдалануға ендіру

GGS 18V-10 SL/GGS 18V-20/GGS 18V-23 L

Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5) алға жылжытыңыз.

Ажыратқышты (5) орнату үшін ажыратқышты (5) алдыңғы жағынан төмен қарай тірелгенше басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (5) артқы жағынан кішкене төмен басып, сонан соң жіберіңіз.

GGS 18V-23 PL

Электр құралын іске қосу үшін босату иінтірегін (12) алға жылжытып, ажыратқышты (5) жоғары қарай басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.

GGS 18V-10 SL/GGS 18V-23 L

Электр құралы кенет кері соқса, мысалы, фрезерлеу кезінде бұғатталса, қозғалтқышқа қуат беру электроника арқылы тоқтатылады.

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Қайта қосылудан қорғаныс қуаттандырудан кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Нұсқау: тым жылдам өшіріп қайта қосу кезінде қайта қосылудан қорғаныс іске қосылып, электр құралы ажыратқыш (5) қосулы болса да жұмыс істемеуі мүмкін. Ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

GGS 18V-10 SL

Кіріктірілген соғылу кезіндегі өшіру жүйесі жерге құлап түскен электр құралын өшіреді. Бұл ретте күй индикаторы (17) қызыл түспен жыпылықтайды. Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

GGS 18V-10 SL

Пайдаланушы интерфейсі (13) электр құралының айналу жиілігін алдын ала таңдау және күйін қарап шығу үшін пайдаланылады.

 

GGS 18V-10 SL

Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (16) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады. Төмендегі кестеде ұсынылған мәндер берілген.

Материал

Қолданылуы

Құралдар

Айналу жиілігін алдын ала таңдау деңгейі

[мин-1]

Металл

Фрезерлеу

Фреза

3

11500

Металл

Ажарлау

Ажарлағыш штифт

3

11500

Металл

Тоттан тазалау

Қылшақ

1

4500

Металл

Ажарлау

Ажарлағыш төлкелер

3

11500

Металл

Ажарлау

Пластиналы ажарлағыш, A корунды

2

7500

Тот баспайтын болат

Ажарлау

Пластиналы ажарлағыш, Inox

2

7500

Металл

Ажарлау

Тоқымасыз материалдан жасалған құралдар

1

4500

Металл

Ажарлау

Тоқымасыз материалдан жасалған құралдар, ажарлағыш дөңгелектер

1

4500

Айналу жиілігі деңгейлерінің берілген мәндері анықтамалық мәндер болып табылады.

  • Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максималды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.

 

GGS 18V-10 SL

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (14)

Мағынасы/себебі

Шешімі

жасыл

Аккумулятор зарядталған

сары

Аккумулятор заряды таусылған дерлік

Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

қызыл

Аккумулятор заряды таусылған

Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау

Артық жүктемеден қорғаныс индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (18)

Мағынасы/себебі

Шешімі

сары

Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор)

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту

қызыл

Электр құралы қызып кетті және өшеді

Электр құралын суыту

Электр құралының күйі индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (17)

Мағынасы/себебі

Шешімі

жасыл

OK күйі

сары

Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

қызыл түспен жанып тұр

Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған

Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау

қызыл түспен жыпылықтайды

Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі, қайта іске қосылудан қорғаныс немесе соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылды

Электр құралын өшіріп қайта қосу