Қолмен басқару режимі

Өлшеу құралының нивелирлеу автоматикасын мына жағдайларда өшіруге болады (қолмен басқару режимі):

  • көлденең күйде екі ось үшін бір-бірінен тәуелсіз,
  • тік күйде X осі үшін (Y осін тік күйде нивелирлеу мүмкін емес).

Қолмен басқару режимінде өлшеу құралын кез келген қиғаш күйде орнатуға болады.

Оған қоса осьтерді бір-бірінен тәуелсіз өлшеу құралында ±8,5% шамасындағы диапазонда еңкейтуге болады. Осьтің еңіс мәні қолмен басқару режимінде дисплейде көрсетілмейді.

Өлшеу құралындағы күй индикаторы (12) мына жағдайларда үздіксіз қызыл түспен жанып тұрады:

  • көлденең күйде кем дегенде бір ось қолмен басқару режимінде реттелген кезде,
  • тік күйде X осі қолмен басқару режимінде реттелген кезде.

Қолмен басқару режимінде тиісті ось реттелген жағдайда, қашықтан басқару құралында X осінің күй индикаторы (33) немесе Y осінің күй индикаторы (34) үздіксіз қызыл түспен жанып тұрады.

Қолмен басқару режимін қашықтан басқару құралы арқылы іске қосу мүмкін емес.

Көлденең күйдегі қолмен басқару режимі

  1.  түймесін, екі ось үшін қажетті реттеу қисындасуына жеткенше басыңыз.
  2. Көрсетілген дисплей мысалында X осі бойынша нивелирлеу автоматикасы өшірулі, ал Y осін нивелирлеу жалғасуда.

Осьтерді еңкейту

  1.  түймесін басыңыз, бұл ретте қолмен басқару режимінің мәзірі көрсетіліп тұруы керек.

Егер нивелирлеу автоматикасы тек бір ось үшін өшірулі болса, тек осы осьтің еңісін өзгерту мүмкін болады.

  1. Екі осьті қолмен басқару режимінде  түймесін қайтадан басу арқылы осьтердің арасында ауысуға болады.
  1. Дисплейде еңісін өзгертуге болатын осьтің белгісі жыпылықтайды.
  1. Таңдалған осьті немесе түймесі арқылы қажетті позицияға дейін еңкейтіңіз.

Тік күйдегі қолмен басқару режимі

  1. X осі бойынша нивелирлеу автоматикасын өшіру үшін  түймесін бір рет басыңыз. (Y осін тік күйде нивелирлеу мүмкін емес.)

X осін еңкейту

  1.  түймесін басыңыз, бұл ретте қолмен басқару режимінің мәзірі көрсетіліп тұруы керек.
  2. Дисплейде X осінің белгісі жыпылықтайды.
  3. X осін немесе түймесі арқылы қажетті позицияға дейін еңкейтіңіз.

Y осін бұрау

  1.  түймесін қайта басыңыз, бұл ретте қолмен басқару режимінің мәзірі көрсетіліп тұруы керек.
  2. Дисплейде Y осінің белгісі жыпылықтайды.
  3. Y осін немесе түймесі арқылы қажетті позицияға дейін бұраңыз.