Ротациялық лазерді қолданысқа енгізу

Көлденең күй

Тік күй

  1. Өлшеу құралын көлденең немесе тік күйде тұрақты бетке орналастырып, штативке (43) немесе қабырға бекіткішіне (44) туралау блогымен орнатыңыз.
Қосымша нивелирлеу себебінен болатын жұмыс үзілістерінің алдын алу үшін өлшеу құралының тұрақты күйіне көз жеткізіңіз. Жоғары нивелирлеу дәлдігіне байланысты өлшеу құралы дірілге және күй өзгерістеріне өте сезімтал жауап қайтарады.

Өлшеу құралының негізгі функциялары өлшеу құралындағы түймелер арқылы және қашықтан басқару құралы (40) арқылы басқарылады. Қосымша функциялар қашықтан басқару құралы (40), лазер қабылдағышы (41) немесе Bosch Levelling Remote App арқылы қолжетімді .

Өлшеу құралының дисплейіндегі (15) индикацияға мына шарттар қолданылады:

  • Функция түймесін (мысалы,  түймесін) алғаш рет басқанда, функцияның ағымдағы реттеулері көрсетіледі. Функция түймесін келесі рет басқанда, реттеулер өзгертіледі.
  • Дисплейдің астыңғы аймағында әртүрлі режимдерде жылдам қол жеткізу түймелерінің белгілері (i) көрсетіледі. Дисплейге тағайындалған қатысты функция түймелерінің (жылдам қол жеткізу түймелерінің) көмегімен белгілермен (i) көрсетілген функцияларды орындауға болады ( суретін қараңыз). Белгілер байланысты мәзірге қарай пайдалануға болатын функция түймелерін (мысалы, ротациялық режим мәзірінде  түймесі) немесе Алға (), Артқа () немесе Растау () сияқты қосымша функцияларды көрсетеді.
  • Жылдам қол жеткізу түймелерінің белгілері (i) арқылы және  түймелері ағымдағы мәзірде төмен еңкейту () немесе жоғары еңкейту () немесе сағат тілінің бағытымен бұрау () немесе сағат тілінің бағытына қарсы бұрау () үшін қолданылатынын анықтауға болады.
  • Түймені соңғы рет басқаннан кейін 5 с ішінде индикатор автоматты түрде басты экранға қайтып оралады.
  • Түймені әр басқан сайын немесе өлшеу құралының жеткені туралы сигнал әр берілген сайын дисплей (15) жанады. Жарық түймені соңғы рет басқаннан кейін шамамен 1 минут ішінде сөнеді.

Өлшеу құралындағы немесе қашықтан басқару құралындағы тиісті еңкейту немесе бұрау түймелері ұзақ басылып тұрғанда, әртүрлі функциялардағы еңкейту немесе бұрау әрекеттері жылдамдауы мүмкін.

Өлшеу құралын өшірген кезде, барлық функциялар стандартты реттеу күйіне қайтарылады.

Алғаш рет қолданысқа енгізу алдында және жұмысты әр бастамас бұрын дәлдік тексерісін өткізіңіз қараңыз Өлшеу құралының дәлдігін тексеру және калибрлеу.

Қосу

  1. Өлшеу құралын қосу үшін  түймесін басыңыз.
  2. Іске қосу реттілігі бірнеше секундқа пайда болып, содан кейін басты экран көрсетіледі.
  3. Өлшеу құралы айнымалы лазер сәулесін (8) және жоғары қаратылған перпендикуляр табанын (10) шығару саңылауларынан (9) жібереді.

Нивелирлеу автоматты түрде басталады және дисплейдегі нивелирлеудің жыпылықтайтын белгісі, жыпылықтайтын лазер сәулелері және жасыл түспен жыпылықтайтын күй индикаторы (12) арқылы көрсетіледі қараңыз Нивелирлеу автоматикасы.

Нивелирлеу сәтті түрде аяқталғаннан кейін, басты экран көрсетіліп, лазер сәулелері үздіксіз жанып тұрады, айналу басталады да, күй индикаторы (12) үздіксіз жасыл түспен жанып тұрады.

Өшіру

  1. Өлшеу құралын өшіру үшін  түймесін, дисплейде өшіру белгісі пайда болғанша басып тұрыңыз.

50°C шамасындағы макс. рұқсат етілген жұмыс температурасынан асырған жағдайда, ескерту хабары бірнеше секундқа пайда болып, күй индикаторы (12) қызыл түспен жыпылықтайды.

Содан кейін өлшеу құралы лазер диодтарын қорғау үшін өшіріледі. Өлшеу құралы суығаннан кейін қайтадан жұмыс істеуге дайын және оны қайта қосуға болады.

Өлшеу құралы мен жинақтағы қашықтан басқару құралы (40) және жинақтағы лазер қабылдағышы (41) зауыттан жеткізілген кезде әлдеқашан Bluetooth® арқылы қосылып тұрады.

  1. Қашықтан басқару құралын немесе лазер қабылдағышын байланыстыру үшін  түймесін, дисплейде қашықтан басқару құралымен/лазер қабылдағышымен байланыс орнату белгісі пайда болғанша басып тұрыңыз.
  1. Қашықтан басқару құралымен байланыс орнату үшін қашықтан басқару құралындағы  және  түймелерін, (33) және (34) күй индикаторлары жыпылықтай бастағанша бір уақытта басыңыз.
  2. Қашықтан басқару құралымен байланыс орнатылып жатқан кезде, қашықтан басқару құралындағы күй индикаторлары жасыл түспен кезектесіп жыпылықтайды.
  1. Лазер қабылдағышымен байланыс орнату үшін лазер қабылдағышындағы және  түймелерін, лазер қабылдағышының диспелейінде байланыс орнату туралы хабар пайда болғанша, бір уақытта басып тұрыңыз.

Қашықтан басқару құралымен немесе лазер қабылдағышымен сәтті орнатылған байланыс дисплейде расталады.
Қашықтан басқару құралымен байланыс сәтті түрде орнатылған жағдайда, қашықтан басқару құралындағы (33) және (34) күй индикаторлары 3 секунд ішінде жасыл түспен жанып тұрады.

Байланыс орнату мүмкін болмаса, дисплейде ақау туралы хабар көрсетіледі.
Қашықтан басқару құралымен байланыс орнату әрекеті сәтсіз аяқталған жағдайда, қашықтан басқару құралындағы (33) және (34) күй индикаторлары 3 с ішінде қызыл түспен жанып тұрады.

2 лазер қабылдағышын бір уақытта өлшеу құралымен байланыстыруға болады және өлшеу құралымен бірге пайдалануға болады.

Қосымша қашықтан басқару құралдары немесе лазер қабылдағыштары қосылған жағдайда, ең ескі байланыс сәйкесінше жойылады.

Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол смартфоннан Bluetooth® интерфейсі арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл функцияны пайдалану үшін Bosch Levelling Remote App қажет. Оны ақырғы құрылғыға байланысты тиісті қолданбалар дүкенінен (Apple App Store, Google Play Store) жүктеп алуға болады. Жанындағы QR кодын сканерлеңіз.

Смартфондағы қажетті жүйе талаптары туралы ақпаратты өлшеу құралының техникалық деректерінен қараңыз.

Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруу кезінде смартфон мен өлшеу құралының арасында нашар қабылдау шарттарынан кідірістер пайда болады.

Қолданба арқылы қашықтан басқаруға арналған Bluetooth® функциясы әдепкі бойынша өлшеу құралында қосулы және оны  түймесінің көмегімен өшіруге болады.

  1. Қолданба арқылы қашықтан басқаруға арналған Bluetooth® функциясын өшіру үшін  түймесін басыңыз.
  2. Басты экранда Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (c) сөнеді.
  1. Қолданба арқылы қашықтан басқаруға арналған Bluetooth® функциясын қайта қосу үшін  түймесін қысқаша басыңыз.
  1. Смартфонмен байланыс орнату белгісі дисплейде пайда болады.
Смартфонда Bluetooth® интерфейсінің іске қосылғанына көз жеткізіңіз.

Байланыстың сәтті орнатылуы дисплейде расталады. Басты экранда ағымдағы байланысты Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (c) арқылы анықтауға болады.

Байланыс орнату мүмкін болмаса, дисплейде ақау туралы хабар көрсетіледі.

Bosch Levelling Remote App іске қосылғаннан кейін, смартфон мен өлшеу құралының арасында байланыс орнатылады. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса, тиісті өлшеу құралын таңдаңыз. Тек бір белсенді өлшеу құралы табылса, байланыс автоматты түрде орнатылады.

Bluetooth® арқылы байланыс өлшеу құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасындағы үлкен қашықтыққа немесе бөгеттерге және электрмагниттік кедергі көздеріне байланысты үзілуі мүмкін. Бұл жағдайда байланысты қайта орнату әрекеті автоматты түрде іске қосылады.

 түймесін басу арқылы Bluetooth® функциясын ғана смартфонға қосылу үшін басқаруға болады. Өлшеу құралы қашықтан басқару құралына/радио қабылдағышқа қосылу үшін Bluetooth® арқылы сигналды өз бетінше жібереді. Бұл сигналды өлшеу құралын өшіру (немесе қашықтан басқару құралынан немесе радио қабылдағыштан батареяларды шығарып алу) арқылы ғана аяқтауға болады.

Жұмыс үзілістерінде өлшеу құралын демалыс режиміне ауыстыруға болады. Бұл ретте барлық реттеулер сақталады.

  1.  түймесін қысқаша басыңыз.
  2. Төмендегі мәзірде  түймесін, демалыс режимі таңдалғанша басыңыз.
  3. Таңдауды арқылы растаңыз, ол үшін  түймесін басыңыз.

Балама ретінде демалыс режимін қашықтан басқару құралындағы  түймесін басу арқылы қосуға болады.

Демалыс режимі қосылып тұрғанда, дисплейде демалыс режимінің белгісі көрсетіледі. Күй индикаторы (12) жасыл түспен баяу жыпылықтайды. Соққы туралы ескерту функциясы іске қосылып тұрады, барлық реттеулер жадқа сақталады.

  1. Демалыс режимін өшіру үшін өлшеу құралындағы  түймесін немесе қашықтан басқару құралындағы  түймесін басыңыз.

Өлшеу құралын демалыс режимінде де өшіруге болады. Ол үшін  түймесін, дисплейде өшіру белгісі пайда болғанша басып тұрыңыз. Өлшеу құралындағы және қашықтан басқару құралындағы барлық басқа түймелер ажыратылады.

Демалыс режимін Bosch Levelling Remote App арқылы да қосып өшіруге болады.

Өлшеу құралы мен қашықтан басқару құралының пернетақтасын Bosch Levelling Remote App арқылы құлыптауға болады. Өлшеу құралының дисплейінде пернетақта құлпының белгісі пайда болады.

Пернетақта құлпын төмендегідей өшіруге болады:

  • Bosch Levelling Remote App арқылы,
  • өлшеу құралын түйменің көмегімен өшіріп қосу арқылы 
  • немесе өлшеу құралындағы және  түймелерін бір уақытта басу арқылы.