Шаң

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сұрыптары және минералдар сияқты кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Шаңның тиюі және жұтылуы пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, мысалы, емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе ағашты өңдеуге арналған қоспалармен (хромат, ағаш қорғаныш заттар) бірге канцерогендер болып есептеледі. Құрамында асбест бар материалды техник мамандар ғана өңдеуі керек.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.