Жылтыратқыш дискіні алмастыру ( B-C суреттерін қараңыз)
Нұсқау: зақымдалған жылтыратқыш дискіні (3) бірден алмастырыңыз.
Жылтыратқыш дөңгелекті тартып алыңыз.
Бөлшектеу: электр құралындағы кілт жазықтығын (11) айыр тәрізді кілтпен (10) берік ұстап, жылтыратқыш дискіні (3) алып тастау үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз (B суретін қараңыз).
Монтаждалатын бөлшектерді тазалаңыз.
Монтаждау: электр құралындағы кілт жазықтығын (11) айыр тәрізді кілтпен (10) берік ұстап тұрыңыз. Жаңа жылтыратқыш дискіні (3) сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз (C суретін қараңыз).
Нұсқау: жылтыратқыш дөңгелекті орнату кезінде ұстағыштың тістері жылтыратқыш дискінің саңылауларына кіргеніне көз жеткізіңіз.