Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған екі түйме арқылы (6) жұмыс барысында қажетті айналу жиілігін таңдауға болады. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс істеу жағдайларына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Жарық диодтары | [мин-1] |
---|---|
Үздіксіз жарық 1 x ақ | 1400 |
Үздіксіз жарық 2 x ақ | 2800 |
Үздіксіз жарық 3 x ақ | 4200 |
Үздіксіз жарық 4 x ақ | 5600 |
Үздіксіз жарық 5 x ақ | 7000 |
Төмен айналу жиілігімен ұзақ жұмыс істегеннен кейін электр құралын салқындату үшін шамамен 3 минутқа ең жоғары айналу жиілігінде бос жүріс күйінде жұмыс істету керек.