Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын қолданысқа енгізу үшін ажыратқышты (1) басыңыз.
Басылған ажыратқышты (1) бекіту үшін бекіткішті (2) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (1) қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз.
- Жылтыратқыш құралдарды пайдаланудан бұрын тексеріп шығыңыз. Жылтыратқыш құралдар тиісінше монтаждалуы және еркін айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Зақымдалған, домалақ емес немесе дірілдейтін жылтыратқыш құралдарды пайдаланбаңыз. Зақымдалған жылтыратқыш құралдар жарылып, жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Жарық диодты индикаторлар
Келесі кестеде ықтимал жарық диодты индикаторлар (6) сипатталған.
Түсі | Күйі | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|---|
ақ | Үздіксіз жарық | Айналу жиілігін алдын ала таңдау | |
жасыл | Үздіксіз жарық | Аккумулятор зарядталған | |
сары | Үздіксіз жарық | Аккумулятор заряды таусылған дерлік қараңыз Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы | Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
Жыпылықтағыш жарық | Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор) | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту | |
қызыл | Үздіксіз жарық | Аккумулятор заряды таусылған қараңыз Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы | Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау |
Жыпылықтағыш жарық | Электр құралы қызып кетті және өшіп қалады | Электр құралын суытып, қайта қосу | |
Электр құралы бітелген және өшіп қалады | Кептелісті жойып, электр құралын қайта қосу |