Реттеулер

Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) позициясын "ортаңғы" ретінде көрсету дәлдігін белгілеуге болады.

Ортаңғы сызық индикаторының ағымдағы реттеуі қабылдау дәлдігінің индикаторында (c) көрінеді.

  1. Қабылдау дәлдігін өзгерту үшін  түймесін, дисплейде қалаулы реттеу көрсетілгенше басыңыз.

 түймесін әр басқан сайын мәтіндік индикаторда (e) қабылдау дәлдігінің тиісті мәні қысқа уақытқа көрсетіледі.

Қабылдау дәлдігінің реттеуі құрылғыны өшірген кезде жадқа сақталады.

Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) орналасуы сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін.

Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды өшіруге болады.

  1. Дыбыстық сигналды өзгерту немесе өшіру үшін  түймесін, дисплейде қалаулы дыбыс деңгейі көрсетілгенше басыңыз.

Дыбыс деңгейі төмен болса, дисплейдегі дыбыстық сигнал индикаторы (g) бір сызықшамен, ал дыбыс деңгейі жоғары болса, 3 сызықшамен пайда болады, дыбыстық сигнал өшірулі болса, индикатор сөнеді.

Дыбыстық сигнал реттеуіне қарамастан, лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1) алғаш рет кірген кезде, растау ретінде төмен дыбыс деңгейіндегі қысқа сигнал беріледі.

Дыбыстық сигнал реттеуі лазер қабылдағышын өшірген кезде жадқа сақталады.

Реттеу мәзірін шақыру:  түймесі мен  түймесін бір уақытта қысқаша басыңыз.

Реттеуді ішкі мәзірдің ішінде өзгерту: реттеулер арасында ауысу үшін  түймесін немесе  түймесін басыңыз. Соңғы рет таңдалған реттеу, мәзірден шыққан кезде, автоматты түрде жадқа сақталады.

Ішкі мәзірді ауыстыру: келесі ішкі мәзірге өту үшін  түймесін қысқаша басыңыз.

Реттеу мәзірінен шығу:  түймесін, реттеу мәзірі жабылғанша басыңыз. Оған қоса реттеу мәзірі, түймені соңғы рет басқаннан кейін, шамамен 10 с ішінде автоматты түрде жабылады.

Төмендегі ішкі мәзірлер қолжетімді:

  • Салыстырмалы биіктік индикаторының өлшем бірлігі: өлшем бірліктерінің мәзірін шақырған кезде, ағымдағы уақытта таңдалған өлшем бірлігі мәтіндік индикаторда (e) көрсетіледі, қолжетімді өлшем бірліктері өлшем бірлігінің индикаторында (d) көрінеді.
  • Жарық диодты бағыт индикаторлары (LED): 3 жарық диодты бағыт индикаторын (2), (4) және (3) жарықтығы бойынша өзгертуге немесе өшіруге болады. Жарық диодтары таңдалған реттеуде тиісінше жанады.
  • Дисплей жарығы (LIT): дисплей жарығын қосуға (жасыл түсті жарық диоды жанады) немесе өшіруге (қызыл түсті жарық диоды жанады) болады.
  • Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы (MEM): лазер сәулесінің қабылдау өрісінен шығу бағытының индикаторын қосуға (жасыл түсті жарық диоды жанады) немесе өшіруге (қызыл түсті жарық диоды жанады) болады.
  • LR 65 G: орталық функциялар (CF/CL): CenterFind режимі (CF) мен CenterLock (CL) режимінің бірін таңдауға болады. Ағымдағы режим мәтіндік индикаторда (e) көрсетіледі.

Лазер қабылдағышын өшірген кезде, дисплей жарықтығының реттеуінен басқа барлық реттеулер жадқа сақталады.

Лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы дисплейлерде (5) жарық функциясы бар. Дисплей жарығы мына жағдайларда қосылады:

  • лазер қабылдағышын қосқан кезде,
  • түймені әр басқан сайын,
  • лазер сәулесі қабылдау өрісінің (1) үстінен жылжыған кезде.

Дисплей жарығы мына жағдайларда автоматты түрде өшеді:

  • лазер сәулесі қабылдау өрісіне жетпеген кезде, түймені әр басқан сайын 30 с ішінде,
  • ешбір түйме басылмаған кезде және лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі позициясы өзгермеген кезде, 2 минут ішінде.

Дисплей жарығын реттеу мәзірінде өшіруге болады.

Дисплей жарығының реттеуі лазер қабылдағышын өшірген кезде жадқа сақталмайды. Лазер қабылдағышын қосқаннан кейін, дисплей жарығы әрдайым қосылады.