Ақаулар – Себептері және шешімдері
Себебі  | Шешімі  | 
|---|---|
Температураны бақылау индикаторы (k) мен ескерту индикаторы (j) жанады, өлшеу мүмкін емес  | |
Өлшеу құралы жұмыс температурасынан тыс немесе температура ауытқулары орын алды.  | Өлшеу құралын өшіріп, оны қайта қоспас бұрын температурасын қалпына келтіріңіз.Дәл өлшеу әрекеттері өлшеу құралының ішіндегі температура тұрақты болған жағдайда ғана мүмкін болады.  | 
Радиокедергі индикаторы (i) мен ескерту индикаторы (j) жанады  | |
Өлшеуге электрлік, магниттік немесе электрмагниттік өрістер әсер етеді (мысалы, өлшеу құралының жанында орналасқан ұялы телефондар, ноутбуктер немесе планшеттер).  | Мүмкіндік болса, сәулеленуі өлшеу әрекетіне кедергі келтіре алатын барлық құрылғыларда тиісті функцияларды ажыратыңыз немесе құрылғыларды өшіріңіз.  | 
Ескерту индикаторы (j) жыпылықтайды  | |
Өлшеу құралында ақау орын алды және жұмыс істемейді.  | Өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.  | 
Өлшеу құралының жанында ешқандай металл зат болмаса да, металл заттың көрсетілуі және өлшеу индикаторының (b) тұрақты ауытқуы  | |
Зауыттық калибрлеу енді жарамсыз (мысалы, биіктіктен құлау салдарынан).  | Өлшеу құралын қолмен қосымша калибрлеңіз қараңыз Өлшеу құралын қайта калибрлеу.  | 
Жарық сақинасы (1) жерге орналастырылған кезде жанбайды  | |
Датчик аймағы (17) лас болса, жерді анықтау мүмкін емес.  | Өлшеу құралын құрғақ, жұмсақ шүберекпен тазалап шығыңыз да, өлшеуді қайта бастаңыз.  | 
Қабырғаның ерекшеліктеріне байланысты (мысалы, күңгірт бет) қабырғаға немесе жерге жанасуды анықтау мүмкін емес.  | Өлшеу құралын астыңғы бетке тігінен орнатып қойыңыз.Қабырғаны қолмен анықтау үшін Металл/ток (4) және Ағаш (5) түймесін Жарық сақинасы (1) жанып, сигналдық дыбыс берілгенше бір уақытта (шамамен 3 секунд) басып тұрыңыз. Содан кейін әдеттегідей өлшеңіз.  |